Accessibility links

Минскіде құқық қорғаушы ұйым жабылды


"Платформа" ұйымының жетекшісі Андрей Бондаренко. Минск, 9 қазан 2012 жыл.

"Платформа" ұйымының жетекшісі Андрей Бондаренко. Минск, 9 қазан 2012 жыл.

Беларусь астанасы Минск қаласының соты сейсенбі күні "Платформа" құқық қорғау ұйымын жабу туралы шешім шығарды. Соттың шешімінде ұйымның дер кезінде салық есебін бермегені және тіркеу құжаттарында көрсетілгеннен басқа мекен-жайда орналасқаны айтылған.

"Платформа" ұйымының жетекшісі Андрей Бондаренко салық декларациясын уақытында тапсырмағаны үшін ұйымның бұған дейін айыппұл төлегенін айтып, "соттың шешімінде мағына жоқ" деп мәлімдеді. Ол шешіммен келіспейтінін, апелляциялық шағым түсіретінін айтты.

Сотталғандардың құқығын қорғайтын «Платформа» қоғамдық ұйымы 2011 жылы, "экономикалық қылмыстар жасаған" деген айыппен екі жыл қамауда отырған Андрей Бондаренко түрмеден шыққан соң құрылған.
XS
SM
MD
LG