Accessibility links

Химия саласында Нобель сыйлығы АҚШ ғалымдарына беріледі


Химия саласы бойынша 2012 жылғы Нобель сыйлығы АҚШ ғалымдары Роберт Лефковиц (сол жақта) пен Брайан Кобилкаға беріледі. Стокгольм, 10 қазан 2012 ж.

Химия саласы бойынша 2012 жылғы Нобель сыйлығы АҚШ ғалымдары Роберт Лефковиц (сол жақта) пен Брайан Кобилкаға беріледі. Стокгольм, 10 қазан 2012 ж.

Бүгін Стокгольмде химия саласы бойынша биыл Нобель сыйлығына лайықты деп танылған ғалымдардың есімдері жарияланды.

Швецияның корольдік ғылым академиясының ұйғарымымен «ГТФаз рецепторларын» зерттеу жұмыстары үшін Нобель сыйлығы АҚШ ғалымдары Роберт Лефковиц пен Брайан Кобилкаға берілетін болды.

69 жастағы профессор Роберт Лефковиц қазір Солтүстік Каролина штатындағы Дьюк университетінің медицина орталығында еңбек етеді. Ал 57 жастағы профессор Брайан Кобилка Стэнфорд университеті жанындағы медицина мектебінде молекулярлық және жасушалар физиологиясы бөлімшесінің жетекшісі болып істейді.

Қалыптасқан дәстүр бойынша, лауреаттарға жүлделер Нобель сыйлығының негізін қалаған Альфред Нобельдің (1833-1896) қайтыс болған күніне орай 10 желтоқсанда Стокгольмде тапсырылады.
XS
SM
MD
LG