Accessibility links

АҚШ сотында Әбу Хамза айыпты мойындамады


Әбу Хамза әл-Масри мен оның адвокаты Джереми Шнайдердің сотта тұрғанын бейнелейтін сурет. Нью-Йорк, 9 қазан 2012 жыл.

Әбу Хамза әл-Масри мен оның адвокаты Джереми Шнайдердің сотта тұрғанын бейнелейтін сурет. Нью-Йорк, 9 қазан 2012 жыл.

Нью-Йорк қаласындағы сот тыңдауында радикалдық ұстанымдағы имам Әбу Хамза әл-Масри өзіне тағылған, "АҚШ-тың Орегон штатында әл-Қаиданың бүлікшілерін дайындайтын лагерь құрмақ болды" деген айыпты мойындаудан бас тартты.

Бұған дейін Коннектикут штатындағы сотта тағы екі адам "террористермен байланыста болды" деген айыпты мойындамайтындарын мәлімдеген еді. АҚШ әділет органдары "бұл екеуі Әбу Хамзамен бірге бір қылмыстық топта болған" деп санайды.

Египетте туып, кейін Ұлыбританияға қоныс аударып, сол елдің азаматтығын алған Әбу Хамза әл-Масри мен тағы төрт адам өткен сенбіде екі әскери ұшақпен Ұлыбританиядан АҚШ-қа жеткізілген. Оларды АҚШ-қа экстрадициялау туралы мәселе британ соттарында бірнеше жыл бойы қаралып, қазанның 5-і күні Лондон жоғары соты Әбу Хамзаны АҚШ-қа беру туралы түпкілікті шешім шығарған еді.
XS
SM
MD
LG