Accessibility links

Индонезия полициясы теракт қаупін ескертті


Балидегі полиция қызметкерлері сапта тұр. 10 қазан 2012 ж.

Балидегі полиция қызметкерлері сапта тұр. 10 қазан 2012 ж.

Индонезия полициясы «12 қазан күні қаскөйлік шабуыл жасалуы ықтимал» деп мәлімдеме жасады. Бүгін Бали аралындағы полиция басқармасының бастығы елдегі танымал саясаткерлер мен қоғам қайраткерлеріне қарсы шабуылдар әзірленіп жатқаны жөнінде «сенімді ақпарат бар» деп мәлімдеді.

Бұдан 10 жыл бұрын, 2002 жылы 12 қазанда Бали аралында болған ірі террорлық жарылыс салдарынан 202 адам (негізінен Австралия, Ұлыбритания және Индонезия азаматтары) қаза болған еді. Бұл шабуылды «әл-Қаида» террорлық ұйымымен байланысы бар «Джемаа-Исламия» тобының бүлікшілері ұйымдастырған деген ақпарат тараған.

Сол шабуылға қатысты жүргізілген тергеуден соң қылмысқа қатысы бар деп танылған бірнеше адам сотталды, үш адам өлім жазасына кесіліп, үкім орындалды.
XS
SM
MD
LG