Accessibility links

Уго Чавес қайтадан Венесуэла президенті болып сайланды


Президент Уго Чавес сайлау науқаны кезіндегі жиында гитара шертіп тұр. Сулия штаты, Венесуэла, 30 қыркүйек 2012 жыл.
Президент Уго Чавес сайлау науқаны кезіндегі жиында гитара шертіп тұр. Сулия штаты, Венесуэла, 30 қыркүйек 2012 жыл.
Венесуэлада жексенбіде өткен президент сайлауында Уго Чавес кезекті рет жеңіске жетті. Бұл туралы сәрсенбі күні ұлттық сайлау кеңесі ресми түрде жариялады. Сайлау қорытындысы бойынша Уго Чавеске дауыс беруге қатысқандардың 55 пайызына астамы қолдау білдірген. Ал оның басты бәсекелесі, оппозициялық кандидат Энрике Каприлес 44 пайыздан астам дауыс жинаған.

Ұлттық сайлау кеңесінде сөйлеген Уго Чавес вице-президент қызметіне 2006 жылдан бері елдің сыртқы істер министрі болып келген Николас Мадуроны тағайындайтынын мәлімдеді. Ал оған дейін Маудро автобус жүргізушісі әрі кәсіподақ белсендісі болған.

58 жасқа келген Уго Чавес Венесуэла президенті қызметіне алғаш рет 1999 жылы сайланған еді. Содан бері ол билік басында отыр.
XS
SM
MD
LG