Accessibility links

Ертісбаев HRW мәлімдемесімен келіспейді


Қазақстан президентінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев. Астана, 12 шілде 2012 ж.

Қазақстан президентінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев. Астана, 12 шілде 2012 ж.

Қазақстан президентінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев оппозициялық саясаткер Владимир Козловқа шыққан үкімге байланысты Human Rights Watch (HRW) халықаралық құқық қорғау ұйымының жасаған мәлімдемесімен келіспейтінін айтты.

Қазақстан үкіметінің ресми басылымы «Казахстанская правда» газетінде бүгін жарияланған Ертісбаевтың мақаласында Козлов пен өзге оппозиция өкілдері ұзақ жылдар бойы «үнемі өз пікірлерін білдіріп, президентке де, Қазақстанның саяси жүйесіне де қатаң, ұнамсыз баға беріп келгені» жазылған.

«Оларды ешкім ешқашан қуғынға салған жоқ, өйткені Конституцияның 20-бабы сөз және шығармашылық еркіндігіне кепіл береді. Ол бап Қазақстанда шынайы жұмыс істеп тұр. Бірақ сынап-мінеп сөз айту басқа да, мемлекеттік органдарға шабуыл жасау, әкімдік ғимаратын өртеу, ақыр соңында көптеген адам құрбан болған жаппай тәртіпсіздіктер - мүлдем басқа нәрсе» деп жазады Ертісбаев.

8 қазан күні Ақтаудағы Маңғыстау облыстық ауданаралық қылмыстық соты тіркелмеген «Алға» партиясының жетекшісі Владимир Козловтың мүлкін тәркілеп, өзін 7 жыл 6 ай жазаға кесу туралы үкім шығарды. Осы іс бойынша сотқа тартылған тағы екі адам шартты жазаға кесілді.

Халықаралық құқық қорғаушы ұйымдар, Еуропа одағы және АҚШ Ақтаудағы соттың үкіміне байланысты алаңдаушылық білдірген еді.
XS
SM
MD
LG