Accessibility links

Әкімдік Астанада діни жоралғыны өтеу тәртібін ескертеді


Әзірет Сұлтан мешітінің ішкі көрінісі. Астана, 7 шілде 2012 ж.
Әзірет Сұлтан мешітінің ішкі көрінісі. Астана, 7 шілде 2012 ж.
Қазақстанның астанасында «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңға қайшы келетін ғибадат орындары жабылып, заң талаптарын бұзғандар әкімшілік жауапқа тартылатын болады. Бұндай ақпарат бүгін Астана қаласы әкімінің ресми сайтында жарияланды.

Құдайға құлшылық ету, діни салт-жоралар діни бірлестіктердің ғимараттарында немесе осы мақсат үшін арнайы белгіленген орындарда өтеледі, ал қала аумағында мемлекеттік тіркеуден өткен діни бірлестіктердің құлшылық орындары тиісті тәртіппен рәсімделуі қажет делінген ақпаратта.

Ал діни ғимараттардан тыс жерлерде діни салт-жораларды өткізу үшін жергілікті атқарушы органдардың келісімін алу қажеттігі айтылған.
XS
SM
MD
LG