Accessibility links

Назарбаев «Еуразияда тыныштық орнату» жолын айтты


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

"Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) мен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨІСШК) бірігетін болса, Еуразия атты алып құрлықта тыныштық пен бейбітшілік орнайды" деді Назарбаев. Қазақстан президенті бұл пікірді бейсенбі күні Қазақстан мен Түркия арасындағы жоғары деңгейлі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің бірінші отырысынан кейін журналистердің сауалына жауап берген кезде айтты деп хабарлайды Қазақпарат.

«Қиыншылықтар мен шиеленістердің, қақтығыстың көбі - Азияда. Халықтың көбі де - Азияда. Байлықтың көбісі де - Азияда. Болашақтың да тетігін табатын Азия болып табылады. Сондықтан да Азияда ынтымақтастық, сенім, тыныштық болса, бүкіл дүниежүзіне септігін тигізеді деп ойлаймын. Біз кеше төраға болған ЕҚЫҰ мен АӨІСШК екеуі бірігетін болса, Еуразия деген үлкен құрлықта тыныштық пен бейбітшілік орнар еді деген арманым бар» деді Назарбаев.

Сонымен бірге ол бұдан жиырма жыл бұрын, 1992 жылы қазанда Қазақстанның БҰҰ мінберінен көтерген ұсынысымен құрылған АӨІСШК-ке бүгінде 22 мемлекет мүше екенін айтқан.
XS
SM
MD
LG