Accessibility links

Атырау зауыты бензин шығаруды уақытша тоқтатты


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Атырау мұнай өңдеу зауыты бензин өнімдерін шығаруды 25 қазанға дейін уақытша тоқтатты деп хабарлады атыраулық "Ақ жайық" газеті.

Бұл 6 қазанда осы кәсіпорындағы пештердің бірінде болған апаттың салдары деп түсіндірген зауыттың бас инженерінің бірінші орынбасары Рүстем Бисалиев. Оның айтуынша, құрылымы өте күрделі пештің ақау шыққан тұсын жөндеу үшін пештің бір бөлігін бөлшектеуге тура келеді. Қазір жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр деп хабарлаған Бисалиев.

Облыс көлемінде тұтынылатын барлық бензин өнімдерінің жартысына жуығын Атырау мұнай өңдеу зауыты шығарады, соның ішінде АИ-80 маркалы бензин тек осы зауытта ғана өндіріледі.
XS
SM
MD
LG