Accessibility links

АҚШ вице-президенттігіне үміткерлердің сайысы өтті


АҚШ вице-президенттігіне кандидаттар - Пол Райан (сол жақта) мен Джо Байден.
АҚШ вице-президенттігіне кандидаттар - Пол Райан (сол жақта) мен Джо Байден.
АҚШ-тың Кентукки штатындағы Дэнвилл қаласында елдегі бәсекелес екі партиядан алдағы сайлауда вице-президенттікке ұсынылған кандидаттар - демократ Джо Байден республикашыл Пол Райан теледебат өткізді.

Бір жарым сағат бойы жалғасқан көрсетілім барысында қос кандидат америкалық АВС телекомпаниясының журналисі Марта Раддацтың сұрақтарына жауап беріп, бір-бірімен сөз таластырды.

Қарсыласына есесін жібермеуге тырысқан екеуінің сайысында АҚШ ішкі-сыртқы саясаты жан-жақты сөз болды: елдегі экономикалық ахуал, жұмыссыздық, медицина, өзге де әлеуметтік мәселелер айтылды; халықаралық саясатта АҚШ-тың Ауғанстан, Иран және Сирияға қатысты ұстанымдары талқыланып, бәсекелес партиялардың атына сын айтылды.
XS
SM
MD
LG