Accessibility links

Қазақстан дүниежүзілік банктен қарыз алды


Дүниежүзілік банктің белгісі.
Дүниежүзілік банктің белгісі.
Дүниежүзілік банк Алматыдан Қорғасқа дейінгі жол құрылысы үшін Қазақстанға бір миллиард доллардан астам қарыз берілетіні туралы мәлімдеді. Халықаралық банк пен Қазақстан арасындағы келісімге бейсенбі күні Астанада қол қойылған.

Қытайды Қазақстан және Орталық Азия елдерімен жалғастыратын Алматы-Қорғас бағытындағы жаңа жолдың ұзындығы 300 шақырымға жуық болады. Дүниежүзілік банк өкілдері бұл жоба аймақтағы сауданың дамуына серпін береді деп отыр.

Жобаның құрылысын 2015 жылы аяқтау жоспарланған.
XS
SM
MD
LG