Accessibility links

Балиде 2002 жылғы шабуыл құрбандарын еске алды


Полиция қызметкері террорлық шабуылдан қираған ғимараттың жанында тұр. Бали аралы, 13 қазан 2012 ж.
Полиция қызметкері террорлық шабуылдан қираған ғимараттың жанында тұр. Бали аралы, 13 қазан 2012 ж.
Бүгін Индонезиядағы Бали аралында осыдан он жыл бұрын қаскөйлік шабуылда құрбан болғандарды еске алды. Марқұмдардың рухына арнап мұсылман, индуистік және христиан дін өкілдері дұға бағыштады.

Индонезияның мемлекет және қоғам қайраткерлері, елге танымал тұлғалар, құрбан болғандардың туыстары мен шетелдік делегациялар қатысқан бүгінгі шара кезінде полиция қоғамдық қауіпсіздікті күшейтті. Бұған дейін Индонезия полициясы «12 қазан күні қаскөйлік шабуыл жасалуы ықтимал» деп ескерту жасаған еді.

2002 жылы 12 қазанда Бали аралындағы түнгі клубта болған ірі террорлық шабуыл салдарынан 202 адам қаза болған еді. Бұл шабуылды «әл-Қаида» террорлық ұйымымен байланысы бар «Джемаа-Исламия» тобының бүлікшілері ұйымдастырған деген ақпарат тараған.

Сол шабуылға қатысты жүргізілген тергеуден соң қылмысқа қатысы бар деген айыппен сотталған бірнеше адамның үшеуі өлім жазасына кесіліп, сот үкімі орындалған болатын.
XS
SM
MD
LG