Accessibility links

Пәкістан жұрты Юсуфзайдың амандығын тіледі


Малала Юсафзайды қолдаушылар. Карачи, Пәкістан, 12 қазан 2012 ж.
Малала Юсафзайды қолдаушылар. Карачи, Пәкістан, 12 қазан 2012 ж.
Бүгін Пәкістандағы мектептер, мешіттер мен өзге де көпшілік жерлерде жұртшылық 14 жасар Малала Юсафзайдың амандығын тілеп, Аллаға мінәжат қылды.

Дәрігерлер Юсуфзайдың денсаулығы бірқалыпты екендігін, алайда оның өміріне төнген қауіптің әлі сейілмегенін, науқастың беті бері қарағанша бірнеше күн керек екендігін айтады. Қазір ол Равалпиндидегі әскери ауруханада жатыр.

Сейсенбі күні мектептен қайтып бара жатқан Малала Юсуфзайға қарудан оқ атылып, ол мойны мен басынан ауыр жараланды. Дәрігерлер оның бас сүйегіне операция жасап, оқты алып тастады.

Бұл қылмыстың жауапкершілігін тәлібтер мойнына алды. Пәкістан жұртшылығы мен шет мемлекеттер, БҰҰ және басқа халықаралық ұйымдар жасөспірім қызға жасалған қылмысты қатаң айыптады.

11 жасынан бастап интернетте урду тілінде блог жаза бастаған Малала Юсуфзай жазбаларында тәлібтердің қатыгездігі туралы баяндаған еді.
XS
SM
MD
LG