Accessibility links

Алеппода кескілескен ұрыстар жүріп жатыр


Үкімет күштеріне қарсы шайқасып жатқан көтерілісшілер. Алеппо, Сирия, 11 қазан 2012 ж.

Үкімет күштеріне қарсы шайқасып жатқан көтерілісшілер. Алеппо, Сирия, 11 қазан 2012 ж.

Сирияның солтүстігіндегі Алеппо қаласының маңында үкімет әскері мен көтерілісшілер арасында кескілескен ұрыстар жүріп жатыр.

Оппозиция күштері Маарет әл-Нуман қаласының іргесінде Дамаскіден Алеппоға баратын жолды кесіп шайқасып жатқаны туралы хабар тарады. Осы маңдағы ұрыстар барысында соңғы күндері 300-ге жуық адам қаза болған.

Сонымен бірге, Алеппоның шығыс жағындағы Кверкис әскери әуежайында, Алеппоның жолаушылар тасымалдайтын әуежайына барар жол торабында ұрыстар жалғасып жатқаны айтылады. Солтүстіктегі Идлиб провинциясы мен оңтүстіктегі Дераа қаласында да ауыр шайқастар болған.

Құқық қорғаушылардың ақпараты бойынша, Сирияның оңтүстігінде жұма күні үкімет күштерінің кемінде 14 сарбазы мерт болған. Жұмаға қараған түні Дамаскінің орталығында жарылыс болған еді. Ол үшін жауапкершілікті исламшыл топ мойнына алды.
XS
SM
MD
LG