Accessibility links

Дағыстанда қала басшысына қастандық жасалды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Дағыстандағы Хасавюрт қаласының басшысы Сайгидпаша Умахановқа бүгін қастандық жасалғаны туралы ақпарат тарады.

Тергеу комитетінің мәліметі бойынша, қала басшысының көлігі келе жатқан жол бойында бомба жарылған. Алайда шенеуніктің өзі мен жанындағы адамдардан ешкім зардап шекпеген.

Жарылыс салдарынан үш автокөлікке зақым келген. Оқиға болған жерді тергеушілер зерттеп жатыр.
XS
SM
MD
LG