Accessibility links

Лондонда Максим Бакиев тұтқындалды


Максим Бакиев.
Максим Бакиев.
Жұма күні Лондонда Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бакиевтің ұлы Максим Бакиев тұтқындалды. Ұлыбритания оны Қырғызстан мен АҚШ үкіметтерінің сұрауы бойынша ұcтаған.

Қырғызстанда Максим Бакиевке тағылған айыптардың арасында мемлекеттің бірнеше миллион доллар қаржысын талан-таражға салған деген айыпта бар.

Қырғызстан мен Ұлыбритания арасында экстрадиция туралы келісім болмағандықтан оны АҚШ-қа беруі мүмкін.

2010 жылы сәуірде Қырғызстанда Құрманбек Бакиев биліктен құлап шетелге қашқан соң, оның ұлы Максим Бакиев те елден кеткен еді. Содан бері уақытының көп бөлігін ол Лондонда өткізді.
XS
SM
MD
LG