Accessibility links

Оралда қазақ халқына алғыс ретінде ескерткіш ашылды

Совет билігі кезінде репрессияға ұшыраған адамдарды осындай вагонда тасымалдаған. Музейдегі экспонат. Ақмол кенті, Қазақстан, 12 сәуір 2011 ж.сотталғанKazakhstan - Stalin repression. Gulag. Prison. iron-barred. Akmola soviet labour camp for wifes of political prisoners. Museum exposition of heated goods van with women-prisoners. Akmol village, 12Apr2011.

Оралда корей халқының Қиыр Шығыстан Қазақстанға жер аударылғанына 75 жыл толуына орай «Қазақ халқына мың алғыс» монументі ашылды деп хабарлайды bnews.kz cайты.

Ескерткіш композициясында қазақ, орыс және корей тілдерінде жазылған «Қазақ халқына мың алғыс» деген жазуы бар жүректі ұстап тұрған қол бейнеленген.

«Корей халқының тарихында жүз мыңдаған адам күштеп Қазақстанға көшірілген, яғни жер аудару жылдары деген тарихтың қаралы парақтары бар. Сол қиындыққа қарамастан біз мүжілмедік, тірі қалдық, ұлттық дәстүрімізді сақтап қалып, халық ретінде қалыптастық. Мұның барлығына біз қазақ халқы көрсеткен қамқорлықтың арқасында қол жеткіздік. Жергілікті тұрғындар бізбен соңғы түйір нанымен бөлісті. Біз әрқашан мұны есте сақтаймыз», – деген Қазақстан кәрістері ассоциациясының президенті Роман Ким.

Бұған дейін дәлі осындай ескерткіш Алматы облысында да тұрғызылатыны хабарланған еді.

Совет өкіметі 1937 жылы ұлты корей 100 мыңға жуық адамды Қиыр Шығыстан Қазақстанға күштеп көшірген.
XS
SM
MD
LG