Accessibility links

АҚШ: бюджет тапшылығы 1 трлн. доллар


АҚШ доллары. Көрнекі сурет.

АҚШ доллары. Көрнекі сурет.

АҚШ мемлекеттік бюджетінің тапшылығы тағы да 1 триллион доллардан асты. Әйткенмен биылғы бюджет тапшылығының көрсеткіші былтырғымен салыстырғанда 207 миллиард долларға кем деп хабарлады Ассошейтед пресс агенттігі. Мамандар бұны экономиканың шамалы болса да өсуімен байланыстырады.

Федералдық қаржы мекемесінің деректері бойынша, 2012 жылы мемлекеттік қарыз көлемі 1 триллион 100 миллиард долларға жеткен. Былтырғыдан 6,4 пайызға көбейген салық түсімі 2,4 триллион долларды құраған. Сонымен бірге, мемлекеттік шығын көлемі азайған, оның бір себебі - АҚШ әскерінің Ирактан шығарылуымен байланысты.

Осымен төртінші жыл қатарынан мемлекеттік бюджет тапшылығының 1 триллион доллардан асып кетуі АҚШ тарихында алғаш рет болып отыр. Бұл алдағы президент сайлауында шешуші факторға айналуы да мүмкін. Барак Обаманың саяси бәсекелесі Митт Ромни Ақ үйдің қазіргі басшылығының биліктегі алғашқы мерзімнің соңына дейін бюджет тапшылығының көлемін екі есеге азайту туралы берген уәдесінің орындалмағанына сайлаушылардың назарын аударды.
XS
SM
MD
LG