Accessibility links

Алматыда жастардың жаңа жобалары мен идеяларына арналған ZhasCamp 2012 халықаралық конференциясы өтіп жатыр деп хабарлайды осы жиыннан Азаттыққ тілшісі.

Үш күндік шараға қатысушылар өз идеяларын ортаға салып, шетелдік және қазақстандық мамандардан «бизнесті қалай жүргізу керек», «кәсіпорынды қалай ашуға болады», «ғылыми жаңалықтарды қандай жолмен жүзеге асыруға болады» деген сауалдарға жауап алмады.

"Мен осы жолы түрлі тренингтерге қатысып, менеджерлік жұмыстың қыр-сырын терең меңгерсем деймін. Конференцияға арнайы грант ұтып алып, келіп отырмын" деді Шымкенттен келген Салтанат Ділдәбекова Азаттық тілшісіне.

Алғаш рет 2010 жылы ұйымдастырылған ZhasCamp жастар конференциясы осымен үшінші өтіп жатыр. Биылғы шараға барлығы 400 адам келген, олардың көбі Алматы, Теміртау, Шымкент, Тараз қалаларының өкілдері.
  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG