Accessibility links

Египеттің бас прокуроры қызметінен кетпей отыр


Тахрир алаңындағы төбелестен 100-ден астам адам зардап шеккен. Каир, Египет, 12 қазан 2012 ж.
Тахрир алаңындағы төбелестен 100-ден астам адам зардап шеккен. Каир, Египет, 12 қазан 2012 ж.
Египеттің бас прокуроры Абдул-Магуид Махмуд өзін бұл қызметтен босату туралы бұған дейін ел президенті Мохаммед Мурсидің шығарған жарлығына бағынудан бас тартатынын бүгін тағы да мәлімдеді.

Ол өз мәлімдемесінде қолданыстағы Конституция бойынша президенттің бас прокурорды жұмыстан босатуға құқығы жоқ деп атап көрсеткен.

Кеше ел астанасы Каир қаласындағы Тахрир алаңында президентті қолдайтындар мен олардың қарсыластары арасында жаппай төбелес болған еді. Президент Мурсиді жақтайтын "Мұсылман бауырлар" қозғалысының өкілдері алаңға жиналып, бас прокурордың атына сын айтқан. Олар сотта Хұсни Мүбәрактың режиміне қызмет атқарған шенеуніктердің кінәсі туралы жеткілікті дәлел келтіре алмағаны үшін бас прокурорды әлгілердің ақталып шыққанына себепкер деп айыптаған. Сол сәтте алаңға келген тағы бір топ - зайырлы қоғам орнатуды жақтайтын саяси күшті қолдайтындар - президентке қарсы ұрандар айта бастаған.

осыдан кейін басталған жаппай төбелес салдарынан 100-ден астам адам жарақат алған. Құқық қызметкерлерінің араласуымен тек таңға қарай алаңда тыныштық орнаған.
XS
SM
MD
LG