Accessibility links

Ауғанстан: миллиондаған адам Юсуфзайға саулық тіледі


Мектепте өткен Малала Юсафзайға қолдау білдіру шарасы. Жалал-Абад, Нангархар провинциясы, Ауғанстан. 13 қазан 2012 ж.

Мектепте өткен Малала Юсафзайға қолдау білдіру шарасы. Жалал-Абад, Нангархар провинциясы, Ауғанстан. 13 қазан 2012 ж.

Бүгін Ауғанстандағы 15 мыңға жуық оқу орнындағы 9 миллионнан астам шәкірт көрші Пәкістанда қастандықтан зардап шеккен 14 жасар Малала Юсафзайдың саулығын тілеп, құдайға мінәжат қылды. Бұл туралы Азат Ауғанстан радиосына Ауғанстанның білім министрлігінен хабарлаған.

Кабулдағы мектептердің бірінде сөйлеген сөзінде елдің білім министрі Фарук Вардак жасөспірім қызға жасалған қастандықты "ислам мен адамзатқа қарсы қылмыс" деп атаған.

Кеше осындай көпшілік шара Пәкістанда өткен еді.

Сейсенбі күні мектептен қайтып бара жатқан Малала Юсуфзайға қарудан оқ атылып, ол мойны мен басынан ауыр жараланды. Ауруханаға жеткізілген соң оның бас сүйегіне операция жасалып, оқты алып тастады. Дәрігерлер Юсуфзайдың беті бері қарағанша әлі бірнеше күн керек екендігін айтып отыр. Қазір ол Равалпиндидегі әскери ауруханада жатыр.

Бұл қылмыстың жауапкершілігін мойнына алған тәлібтер жас қызды өлтіру ниетінен қайтпайтындарын мәлімдеді. Пәкістан жұртшылығы мен шет мемлекеттер, БҰҰ және басқа халықаралық ұйымдар Юсуфзайға қарсы жасалған қылмысты қатаң айыптады.

11 жасынан бастап интернетте урду тілінде блог жаза бастаған Малала Юсуфзай жазбаларында тәлібтердің қатыгездігі туралы баяндаған еді.
XS
SM
MD
LG