Accessibility links

HRW: Сирияның кассеталық бомбалары - Ресейдікі


Human Rights Watch халықаралық құқық қорғау ұйымы Сирия үкіметі халыққа қарсы кассеталық бомбаларды жиі қолдана бастағанын мәлімдеді. Құқық қорғаушылардың пікірінше, Интернетте жарияланған бейнекадрларға қарағанда соңғы екі аптада Сирия үкісметінің әскери авиациясы 20-ға жуық шабуылының барысында кассеталық бомбалар тастаған. Мұндай оқиға осыған дейінгі алты ай ішінде Интернетте үш-ақ рет байқалған еді.

Human Rights Watch бұл бомбалардың Ресей қару-жарақ зауытынан шыққанын айтады.

Ресей де, Сирия да кассеталық жарылғыштарды қолдануға тыйым салатын халықаралық конвенцияға қосылудан бас тартқан мемлекеттердің қатарына жатады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG