Accessibility links

Ресей жергілікті басқару өкілдерін сайлап жатыр


Бүгін Ресейдің 77 өңірінде түрлі деңгейдегі сайлау өтіп жатыр. 2004 жылдан бері алғаш рет бес облыстың губернаторы тікелей дауыс беру жолымен сайланбақшы.

Алты өңірде сайлаушылар жергілікті парламент депутаттарын сайлайды. Калиниград пен Мәскеу түбіндегі Химки қаласында мэр сайланады.

Азаттық радиосының Орыс қызметі сайлау учаскелерінен онлайн репортаж жүргізіп, дауыс беру барысын көрсетеді. Қазірдің өзінде арнаулы кабинеттен басқа жерде дауыс беру,«карусель», сайлаушыларды сатып алу әдісі қолданылған сәттер белгілі болды. Кей жағдайларда тілшілердің видео және фотоға түсіруіне тыйым салынған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG