Accessibility links

Чехияның аймақтық сайлауында оппозиция жеңді


Чехияда таяуда өткен аймақтық билік органдары сайлауының қорытындысы шығарылды.

Бұл сайлауда солшыл оппозиция айқын жеңіске жетті. Чех республикасының он үш аймағының тоғызында социал-демократтар, екеуінде коммунистер жеңіске жетті. Тұтастай алғанда екі солшыл партия елдегі аймақтық депутаттар кеңесіндегі орынның жартысынан астамын иеленді.

Бақылаушылар билеуші партия – оңшыл центристік Азаматтық демократиялық партияның 15 пайызға жетер-жетпес дауыс алып, өз тарихында алғаш рет ойсырай жеңілгеніне куә болды.

Соңғы кездері Чехияда жемқорлық мәселесіне байланысты айтарлықтау дау туған еді, сондай-ақ көптеген сайлаушылар салықтың көбейіп, бюджет шығыстарының қысқартылғанына наразы болатын.
XS
SM
MD
LG