Accessibility links

ДБ: Түркіменстанда жалпыұлттық табыс көлемі артып келеді


Дүниежүзілік банк (ДБ) Түркіменстанды жалпыұлттық табысы орта деңгейден жоғары елдердің қатарына қосты. Банктің Еуропа және Орталық Азия бойынша вице-президенті Филипп Ле Уэру "бұл - Түркіменстан экономикасының тұрақты түрде көтеріліп келе жатқанының нәтижесі" дейді.

Дүниежүзілік банк мұндай рейтингті жыл сайын мемлекеттердің жан басына шаққандағы жалпыұлттық табысына сүйеніп жасайды. Банктің мәліметінше, 2011 жылы Түркіменстанның жан басына шаққандағы жалпыұлттық табыс көрсеткіші 4 мың АҚШ долларынан асқан.

Жалпыұлттық табысы орта деңгейден жоғары елдер қатарына Қазақстан, Ресей және Беларусь те кіреді. Қазақстанның жан басына шаққандағы жалпыұлттық табысы 2011 жылы 8 мың 200 АҚШ долларын құраған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG