Accessibility links

Литвада оппозициялық партиялар келісімге келді


Литвада оппозициялық Еңбек партиясы, социал-демократиялық партия мен "Тәртіп және әділеттілік" партиясы басқарушы коалицияны жасақтау туралы келіссөздер жүргізуге келісті. Партиялар бұған қоса парламент депутаттығына бір мандатты округтер бойынша сайлауда бір-бірінің кандидаттарын қолдауға да келісті.

Бұл туралы Вильнюсте үш партия өкілдерінің кездесуінен соң Еңбек партиясының жетекшісі Виктор Успасских мәлімдеді. Ол болашақта үш партияның келісіміне тағы бір партия қосылуы мүмкін екенін де айтты.

Жексенбіде Литвада парламентке сайлаудың алғашқы кезеңі болған. Сайлауға барлығы 17 партия мен бір коалиция қатысты. Экзит пол (дауыс берген сайлаушылардан алынған сауалнама) қорытындысына қарағанда, парламент сайлауының алғашқы кезеңінде әзірге Еңбек партиясы алда келеді. Екінші орында социал-демократтар тұр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG