Accessibility links

Жаңаөзен сотының куәгері қаза тапты


Жаңаөзен ісінің куәгері Александр Боженко. Ақтау, 26 сәуір 2012 жыл.

Жаңаөзен ісінің куәгері Александр Боженко. Ақтау, 26 сәуір 2012 жыл.

"Жаңаөзендегі жаппай тәртіпсіздіктерге" қатысты сотта айыптаушы жақтан куәгер болған Александр Боженко белгісіз жағдайда қаза тапты деп хабарлады азаматтық белсенді Ғалым Ағелеуов бүгін Алматыда өткен баспасөз жиынында. Боженко сотта әуелі жасырын атпен жауап беріп, кейін ол жауабынан бас тартқан еді.

Ағелеуовтің айтуынша, куәгерлерді азаптауға қатысты барлық материалдар Facebook желісінде жарияланған, енді бас прокуратураға жолданбақ.

Ғалым Ағелеуов оппозицияның Жаңаөзен оқиғасы бойынша сотталғандарға шыққан үкімнің қайта қаралуына күш салатынын айтады.
XS
SM
MD
LG