Accessibility links

Обама мен Ромни дебаттың екінші кезеңіне шығады


Митт Ромни мен Барак Обама дебаттың алғашқы кезеңінде. Денвер, 3 қазан 2012 жыл.
Митт Ромни мен Барак Обама дебаттың алғашқы кезеңінде. Денвер, 3 қазан 2012 жыл.
АҚШ президенттігіне үміткер президент Барак Обама мен оның қарсыласы Митт Ромни бүгін - 16 қазанда дебаттың екінші кезеңіне шығады.

Нью-Йорк штатының Хэмпстед қаласындағы Хофстра университетінде өткізілетін дебат бір жарым сағатқа созылмақ. Үміткерлер азаматтардың модератор алдын ала іріктеп алған ішкі және сыртқы саясатқа қатысты сұрақтарына жауап береді. Дебатты миллиондаған көрермен теледидардан көреді деген болжам бар.

Бұл жолғы дебат Барак Обама үшін өте маңызды. Себебі америкалықтардың көпшілігінің пікірінше, ол 4 қазанда өткен дебаттың алғашқы кезеңінде аса жақсы сөйлей алмады және бәсекелесіне қарағанда өз-өзіне сенімсіздеу көрінді. Соңғы сауалнаманың нәтижесі бойынша, Обаманың да, Ромнидің де танымалдылығы бір деңгейде.

АҚШ президенттігіне сайлау 6 қарашада болады. Ал дебаттың соңғы үшінші кезеңі 22 қазанда өтеді.
XS
SM
MD
LG