Accessibility links

Израиль парламенті өзін-өзі таратуды жөн көрді


Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху.

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху.

Израиль депутаттары сейсенбіге қараған түні парламенттің өзін-өзі таратып, 22 қаңтарда кезектен тыс парламент сайлауын өткізуін қолдап дауыс берді.

Парламент сайлауы әуелде 2013 жылдың қазан айына белгіленген. Бірақ премьер-министр Биньямин Нетаньяху депутаттар арасында елдің федералдық бюджетіне қатысты келіспеушілік туындаған соң өткен аптада мерзімінен бұрын сайлау өткізуге шақырған.

Әлеуметтік сауалнамалардың нәтижелеріне қарағанда, сайлауда Нетаньяхудың оңшыл "Ликуд" партиясы жеңіске жетеді.

Дүйсенбіде парламентте сөйлеген Нетаньяху Израильді Иранның ядролық бағдарламасы мен радикалды исламшылдардан қорғайтын шаралар қабылдағанын мәлімдеді. Ол Израильді соғысқа килігуден сақтап қалғанын да айтты.
XS
SM
MD
LG