Accessibility links

"Қазақстан Өзбекстанға заңсыз вакцина кіргізген жоқ"


Жайылып жүрген қойлар. (Көрнекі сурет).

Жайылып жүрген қойлар. (Көрнекі сурет).

Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау комитеті Қазақстаннан Өзбекстанға контрабандалық вакцина жеткізілгенін жоққа шығарды деп хабарлайды "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі. Біраз күн бұрын Өзбекстанның мемлекеттік ветеринарлық қызметі елдегі мыңдаған қойдың қырылуына Ресейде шығарылып, Қазақстан арқылы контрабандалық жолмен жеткізілген вакцинаны егу себеп болды деген ақпарат таратқан еді.

Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Өзбекстанның құзырлы органдары Қазақстан аумағынан контрабандалық вакциналар кіргенін нақты айғақтармен растай алмаған.

Кейін Ресейдің Бүкілресейлік ветеринария және микробиология ғылыми-зерттеу институты мұндапй вакцина шығармағандарын мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG