Accessibility links

Литвада жеңген партия Ресеймен байланысты жақсартпақ


Литвадағы парламент сайлауында жеңіске жеткен Еңбек партиясының жетекшісі, бизнесмен Виктор Успасских литва-ресей қарым-қатынасын жақсартуға күш салатынын білдірді. Бұл туралы ол ресейлік "Извести" газетіне берген сұхбатында айтты.

Сұхбатында Успасских бұл тұрғыда Ресеймен қарым-қатынас Литваның егемендігіне нұқсан келтіру есебінен жақсармайтынын, егер халықаралық қатынастарға қатысты қандай да бір мәселелер туындап жатса Еуропа Одағының (ЕО) ұстанымына құлақ асатынын ескертті.

Оның пікірінше, Ресей демократиялық жолмен дамып келеді, бірақ ЕО өкілдері кейде Ресейден "әдейі ілік іздеп тұрады".

Литва орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметі бойынша, жексенбіде болған парламент сайлауында Еңбек партиясы алда тұр. Одан кейінгі орындарды социал-демократтар мен консерваторлар иеленеді.
XS
SM
MD
LG