Accessibility links

"Алға" өкілі: Партияға жаңа басшы сайланбайды


Михаил Сизов, "Алға" партиясы үйлестіру комитеті төрағасының міндетін атқарушы.

Михаил Сизов, "Алға" партиясы үйлестіру комитеті төрағасының міндетін атқарушы.

Тіркелмеген "Алға" партиясы сотталған жетекшісі Владимир Козловтың орнына басқа басшы сайламайды деп хабарлады "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.

Партияның үйлестіру комитетінің төрағасы міндетін атқарушы Михаил Сизовтың айтуынша, Владимир Козлов қамауда отырғанына қарамастан партияның жетекшісі болып қала береді. Сизов партияда барлық шешім ұжымдық түрде қабылданатынын, партияның 13 адамнан тұратын басқарушы органы - жоғарғы үйлестіру комитеті барын айтқан.

8 қазанда Маңғыстау облыстық ауданаралық қылмыстық соты Владимир Козловты жеті жарым жылға соттап, мүлкін тәркілеуге үкім еткен. Оған "әлеуметтік араздықты қоздырды", "конституциялық құрылымды күшпен өзгертуге шақырды", "ұйымдасқан қылмыстық топ құрды" деген айыптар тағылған еді.
XS
SM
MD
LG