Accessibility links

Иванишвилиге Грузия азаматтығы берілді


Бидзина Иванишвили өз үкіметінің министрлер құрамымен таныстырып тұр. Тбилиси. 16 қазан 2012 жыл.

Бидзина Иванишвили өз үкіметінің министрлер құрамымен таныстырып тұр. Тбилиси. 16 қазан 2012 жыл.

Грузия президенті Михаил Саакашвили парламент сайлауында жеңіске жеткен, елдің жаңа премьер-министрі болудан үміткер, "Грузия арманы" оппозициялық блогының жетекшісі Бидзина Иванишвилиге қайтадан азаматтық берді. Иванишвили өткен жылдың соңында Франция азаматтығына ие екендігі белгілі болған соң Грузия азаматтығынан айырылған еді.

Грузияның алдағы премьер-министрі болады делінген Иванишвили француз құжатынан бас тартты. Бірақ Франция үкіметі оған азаматтығы тек Грузия азаматтық берген жағдайда ғана күшін жоятынын ескерткен.

Иванишвили парламентке жаңа министрлер кабинетін ұсынды. Оның құрамында энергетика министрі лауазымынан үмітті бұрынғы футболшы Каха Каладзе де бар. Спортшы бұған дейін бірде-бір мемлекеттік қызметті атқарып көрмеген. Оған вице-премьерлік міндеті де жүктелуі мүмкін.
XS
SM
MD
LG