Accessibility links

Тәжік исламшыл партиясы басшысы: Беделіміз арта түсті


Тәжікстанның "Ислам қайта өрлеу партиясы" жетекшісі Мухиддин Кабири.

Тәжікстанның "Ислам қайта өрлеу партиясы" жетекшісі Мухиддин Кабири.

Тәжікстанның Таулы Бадахшан облысында жазда жүргізілген арнайы операциялардан кейін-ақ елдегі "Ислам қайта өрлеу партиясының" беделі өсе бастады деді партия жетекшісі Мухиддин Кабири Вашингтондағы Джордж Вашингтон университетінде сөйлеген сөзінде.

Оның айтуынша, партия жақтастарының нақты саны белгісіз, бірақ облыс тұрғындары, әсіресе жастар мен әйелдер партияға көптеп кіріп жатыр. "Олар партияға діни ұйым болғандықтан ғана емес, билікке балама саяси ұйым болғандықтан да қызығып отыр" деді ол.

Биыл шілде және тамыз айларында Таулы Бадахшанда үкімет жүргізген арнайы әскери операциялар мен ақпараттық құрсаулау салдарынан 70-ке тарта адам қаза тапты. Кабиридің айтуына қарағанда, "Ислам қайта өрлеу партиясына" сол кезден бері билік тарапынан қысым жасалып келеді.
XS
SM
MD
LG