Accessibility links

Ресейде Удальцовтың үстінен іс қозғалды


Сергей Удальцов "Миллиондар маршында" сөйлеп тұр. Мәскеу, 15 қыркүйек 2012 жыл.
Сергей Удальцов "Миллиондар маршында" сөйлеп тұр. Мәскеу, 15 қыркүйек 2012 жыл.
Ресейдің тергеу комитеті оппозициялық "Солшыл майдан" қозғалысының үйлестірушісі Сергей Удальцов пен басқа да оппозиция өкілдерінің үстінен қылмыстық іс қозғады деп хабарлайды Азаттық радиосының Орыс қызметі.

Тергеу комитетінің ресми өкілі Владимир Маркиннің айтуынша, іс "жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыруға дайындалды" деген айып бойынша қозғалған. Маркин іс "Анатомия протеста-2" фильмінде келтірілген ақпараттарды тексерген соң қозғалғанын айтады.

Қазір полиция Удальцов пен оның туыстарының үйіне тінту жүргізіп жатыр.
XS
SM
MD
LG