Accessibility links

Ауғанстанда НАТО әскери базасында жарылыс болды


Жарылыстан зардап шеккендер. Пактия, Ауғанстан, 16 қазан 2012 жыл.
Жарылыстан зардап шеккендер. Пактия, Ауғанстан, 16 қазан 2012 жыл.
Ауғанстанның шығысындағы Пактия уәлаятында НАТО күштері мен ауған әскерилерінің әскери базасында жарылыс болып, ондаған адам жараланды.

Зардап шеккендер туралы ақпарат әртүрлі. Қорғаныс министрлігінің дерегінше, 11 әскер жараланған. Ал жергілікті билік өкілдері 45 ауған сарбазы мен 8 бейбіт тұрғын жараланғанын айтады. НАТО күштерінің бас қолбасшылығы қаза тапқандар бар екенін айтты.

Жарылысты Талибан ұйымы мойнына алды.
XS
SM
MD
LG