Accessibility links

Eurasia View басылымының тілшісі соңғы жарты ғасырда ашылған дүниедегі ең ірі мұнай кенішінен неге әлі шикізат өндірілмей жатқанын зерттеп көріпті.

Eurasia View қыркүйектің 17-і күні Каспий теңізіндегі мұнайдың мол қоры деп саналатын Қашаған мұнай кеніші жайында мақала басты. Мақала авторы «кеніштің қолайсыз жерде орналасуы мен қатал табиғат кеніштің жұмысын кешіктіріп қосымша шығынды көп талап етіп жатыр» дейді.

Джоанна Лиллистің мақаласы Каспий теңізіндегі қолдан жасалған D аралын сипаттаудан басталған. Бұл арал соңғы он жылдағы ең ірі мұнай қорының бірі болап саналатын Қашаған кенішінің қақ ортасына салынған. «Каспий теңізінің үстіне керемет етіп салынған D аралы алғаш рет құбырынан мұнай ағызатын тарихи сәтін күтіп тұр» деп жазады ол.

Автордың пайымдауынша, Қашағанға инвестиция салып, мұнайдан қыруар пайда табамыз деп дәмеленіп отырған шетелдік корпорациялар мен «мұнай сатып, байлыққа батамыз» деп шыдамсыздана күтіп отырған президент Нұрсұлтан Назарбаевтың әкімшілігі үшін де жуық арада теңіз бетінен мұнай атқылайтын қуанышты сәт тумайтын сияқты.

«АСТАНА АШУЛАНЫП ЖАТЫР»

Автор мұнай мамандарының есебінше қазба байлықтың өндірісі 2013 жылы басталуы керек болғанын жазады. 2000 жылы ашылған Қашаған 1969 жылы Аляскада табылған Прудо-Бей кенішінен кейінгі ең ірі мұнай қорына жатады. Мол мұнайға кезігіп, шабыттанған мұнай компаниялары алғашында Қашағанды игеру кезінде қандай табиғи қиыншылықтарға тап келетіндерін жете еспетей алмаған. Ал мұнай өндірісінің созылып кетуі Астананың мазасын қашырды.
Астана әлемдегі жалпы мұнай қорының 3 пайызын иеленіп отырған Қашаған кеніші арқылы мұнайды ең көп өндіретін 10 елдің қатарына қосыламыз деп үміттенді.
Басылым келтірген дерек бойынша Қашағанды бірлесіп игеріп жатқан «Солтүстік Каспий консорциумының» құрамына кіретін жеті компания мұнайды 2013 жылғы наурызда өндіре бастаймыз деген мәлімдеме жасаған. Бірақ алдағы наурыз айында мұнай өндіру басталады деген мәселеге Астанадағы мұнай және газ министрі Сауыт Мыңбаев сәл сақтықпен қарайды. Астана әлемдегі жалпы мұнай қорының 3 пайызын иеленіп отырған Қашаған кеніші арқылы мұнайды ең көп өндіретін 10 елдің қатарына қосыламыз деп үміттенді. Қазір Қазақстан 18-ші орында тұр.

«КОМПАНИЯЛАР ҚИНАЛЫП ЖАТЫР»

Консорциум басшылығының есебінше, 75х45 шаршы километр аумақты алып
жатқан Қашағанда мұнай қоры көп болуы тиіс. Қашағанның астында шамаммен 35 миллиард баррель мұнай жатыр. Оның 8-12 пайызы қайта қалпына келуге қабілетті. Әлем бойынша ірі мұнай кеніштерінің көпшілігі өткен ғасырда сарқылап қалғанын ескеретін болса, бұл деген тамаша табыс деген консорциум өкілі Ален Гуено.

Алайда Қашағанның өнімін өндіріске жіберу бірлескен компанияларға ауыр тиіп жатыр. Біріккен компания құрамында ExxonMobil, Shell, Total, Eni және «ҚазМұнайГаз» бар. Бұл компаниялардың әрқайсысы жобаның 16.85 пайызын иемденген. Бұлардан бөлек кеніште 8.49 пайыз үлесі бар ConocoPhillips және Жапонияның 7.56 пайыз үлесі бар INPEX фирмалары жұмыс жасап жатыр.
Мұнай қабаты теңіз деңгейінен 4 шақырым тереңдікте жатыр. Теңіз жылдың 5 айында мұз боп қатып жатады. Қыста 30 градусқа дейін суытады. Мұзжарғаш кемелер қыстың күндері ең жақын Баутино портынан Қашағанға дейін 36 сағат жүзіп барады.

Джоанна Лиллистің зерттеуінше, Қашағанның мұнайын игеру қиындап барады. Бұл кеніш құрлықтан қашықта, теңіздің ортасында тұр.

Қолайсыз, қатал ауа-райында мыңдаған шақырымға созылатын каналдар арқылы жүк тасу өте қиын. Одан бөлек мұнай қабаты теңіз деңгейінен 4 шақырым тереңдікте жатыр. Теңіз жылдың 5 айында мұз боп қатып жатады.

Қыстың күндері теңіздегі температура 30 градусқа дейін суытады. Мұзжарғаш кемелер қыстың күндері ең жақын Баутино портынан Қашағанға дейін 36 сағат жүзіп барады.

«ШЫҒЫН ДА АРТТЫ, УАҚЫТ ТА СОЗЫЛДЫ»

Eurasia View тілшісінің жазуынша, кеніштегі бұрғылау жұмыстарын құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету де оңай емес. Игеруші компаниялар құрлықтан әк тастарды тасып әкеп, теңіздің ортасына қолдан арал тұрғызды. Ондағы құрылғыларды GPS технологиясымен жабдықтап, барлығын су өтпейтін материалдармен қаптаған. D аралындағы осы су жаңа технологияның бәрі мұнай өндіріле бастағанда ғана іске қосылмақшы.

Бұрын есепке алынбаған қосымша қиындықтың бәрі бюджетті кеміріп, өндіріс кезеңін созып жіберді. Осындай кедергілердің кесірінен Eni компаниясы 2007 жылы мұнай өндірісі 2010 жылы іске қосылады деп жариялағанда Қазақстан үкіметімен арада түсініспеушілік туындаған. Енді мұнай өндірісі 2013 жылға дейін тағы да шегерілді деп жазады автор.

Мақала авторы кенішті игеруге кеткен шығындарға қатысты мынадай қосымша деректер келтірген. Қашағанды игеруге кететін шығын әу баста 57 миллиард АҚШ доллары деп есептелінгенімен кейіннен оның көлемі 136 миллиард долларға дейін өсті. Қазір консорциум шығынның нақты сомасын анық айтпай отыр. Олар бар болғаны қосымша шығын 30 миллард долларды құрайды дейді. Кейбір БАҚ болса құбырдан алғашқы мұнай атқылағанша бірінші кезеңнің өзіне 46 миллиард доллар қосымша ақша кетеді деп хабарлады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG