Accessibility links

Тәжік студенттері шетелдік ұйымдар жиынына қатыса алмайды


Тәжік студенттері. (Көрнекі сурет).

Тәжік студенттері. (Көрнекі сурет).

Тәжікстанның білім министрлігі студенттердің шетелдік және халықаралық ұйымдар ұйымдастырған семинар, тренинг және басқа да жиындарына қатысуына тыйым салды.

Азаттық радиосы Тәжік қызметінің хабарлауынша, министрлік таяуда елдегі барлық жоғары оқу орындарының ректорларына осындай нұсқау берген. Білім министрлігінің өкілі Алидод Расуловтың айтуына қарағанда, таяуда халықаралық бір ұйым министрліктің рұқсат бермегеніне қарамастан тәжік студенттерін шетелге саяхатқа шығарған.

Расулов шетелдік институттардың мұндай әрекеттері "студенттердің оқу процесіне кедергі жасайды" дейді.
XS
SM
MD
LG