Accessibility links

Израиль мен АҚШ біріккен әскери жаттығу өткізеді


АҚШ-тың Standard Missile (SM-3) зымыраны сынақтан өту кезінде. (Көрнекі сурет).

АҚШ-тың Standard Missile (SM-3) зымыраны сынақтан өту кезінде. (Көрнекі сурет).

АҚШ әскери күштері зымыран күштерінің әскери жаттығуына қатысу үшін Израильге бара бастады. Қазан айының соңында өтетін жаттығу Израильдің қорғаныс қуатын, алыс және ұзақ қашықтыққа ұшатын зымырандардан қорғану әлеуетін күшейтуге бағытталған.

Жаттығу израиль-америка қарым-қатынасы басталған кезеңнен бергі ең ірі бірлескен әскери шара болмақ. Оған Еуропа Одағы мен Жерорта теңізі аймағы елдерінен екі жарым мыңға тарта әскер қатысады.

Пентагон "Жаттығу Иранның ядролық нысандарына болашақта соққы жасаудың дайындығы ма?" деген сұраққа түсінік беруден бас тартты.

Жаттығуға қатыстыруға әкелінген әскери техниканың арасында Patriot деп аталатын жаңа зымыран қондырғысы мен Aegis баллистикалық зымыран жүйесі орнатылған кеме де бар. Израиль жаттығуда өздерінде шығарылған зымыраннан қорғаныс жүйесін сынап көрмек.
XS
SM
MD
LG