Accessibility links

Путин: Қару сатуға БҰҰ-дан өзге ешкім шектеу қоя алмайды


Ресей президенті Владимир Путин.

Ресей президенті Владимир Путин.

Ресей президенті Владимир Путин Ресейдің басқа елдерге қару-жарақ сатуына тек БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің санкциясы ғана шектеу қоя алады деп мәлімдеді. Шет мемлекеттермен әскери ынтымақтастық орнату комиссиясының отырысында сөйлеген Путиннің айтуынша, бұдан өзге жағдайда Ресейдің я басқа елдің өзге мемлекеттерге қару-жарақ тасымалдауына ешкім кедергі келтіре алмайды.

Батыс елдері Мәскеуді "Сирияға қару-жарақты әлі де тасымалдайды" деп жиі айыптайды.

Өткен жылы Ресей Сирияға құны бір миллиард АҚШ доллары шамасында қару-жарақ сатқан. Бірақ Путин Мәскеудің Сирияға елдегі азамат соғысына қолданылып жатқан қару мен әскери техникаларды сатпағанын айтады.
XS
SM
MD
LG