Accessibility links

АҚШ-та "банкті жармақ болған" адамның соты басталды


АҚШ-тың "Федералды резервтік банкті жармақ болды" деп айыпталған бангладештік Квази Нафис.

АҚШ-тың "Федералды резервтік банкті жармақ болды" деп айыпталған бангладештік Квази Нафис.

Нью-Йоркте АҚШ-қа студенттік визамен келген Бангладеш азаматы Квази Нафис Федералды резервтік банкті жармақ болды деген айыппен сотқа тартылды.

Квази Нафис АҚШ-қа қаңтарда студенттік визамен барған. Полицияның дерегінше, ол жоспарын жүзеге асыру үшін өзіне басқа адамдарды тартқан. Бірақ олардың бірі Федералды тергеу бюросының агенті болып шығып, оны жасырын бақылап отырған.

Полиция Нафистің көлігін Нью-Йорктегі федералдық банк жүйесі ғимаратына қойғанын, көлікте 453 келі жарылғыш зат болғанын айтады.

АҚШ әділет мниистрлігінің дерегінше, Нафистің "Әл-Қаидамен" байланысы бар болуы ықтимал.
XS
SM
MD
LG