Accessibility links

Сирияда 28 мың адамның із-түссіз жоғалғаны айтылады


Жарылыстан жан сауғалап бара жатқан адамдар. Алеппо, Сирия, 17 қазан 2012 жыл.
Жарылыстан жан сауғалап бара жатқан адамдар. Алеппо, Сирия, 17 қазан 2012 жыл.
Сирияда қызмет етіп жатқан құқық қорғаушылар елде қақтығыстар басталған бір жарым жылдан астам уақыттан бері 28 мыңға тарта адамның із-түссіз жоғалғанын мәлімдеп отыр.

Құқық қорғаумен айналысатын "Ааваз" тобы адамдардың із-түссіз жоғалуына қатысты жиналған деректерді БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі комитетіне жолдамақ ниетте екенін білдірді.

Белсенділердің айтуларына қарағанда, елде президент Башар Асад пен көтерілісшілер арасында қақтығыс басталғалы бері жоғалған 18 мың адамның аты-жөні анықталған. Жоғалды делінген тағы 10 мың адам туралы да ақпарат жиналмақ. "Сирияда билік жүргізіп отырған террор жағдайында ешкім өзін қауіпсіз сезіне алмайды" дейді белсенділер.
XS
SM
MD
LG