Accessibility links

Татарстанда имамға айып тағылды


Қазандағы "Әл-Ихлас" мешітінің имамы Рүстем Сафин.

Қазандағы "Әл-Ихлас" мешітінің имамы Рүстем Сафин.

Қазан қаласының (Татарстан) "Әл-Ихлас" мешітінің имамы Рүстем Сафинге экстремистік қызметпен айналысты деген айып тағылды.

Тергеу мәліметтеріне қарағанда, имам Ресейде тыйым салынған "Хизб-ут-Тахрир" ұйымының идеяларын насихаттаған. Мешітке жүргізілген тінту кезінде экстремистік мазмұндағы аудио және видео материалдар, баспа өнімдері табылған. Қазір тәркіленген заттар сараптамаға жіберілді.

Имамға 2009 жылы "Хизб-ут-Тахрир" ұйымымен байланысы болғаны үшін екі жыл шартты жаза кесілген еді.
XS
SM
MD
LG