Accessibility links

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің уақытша мүшелері сайланды


БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысы. (Көрнекі сурет).

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысы. (Көрнекі сурет).

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне уақытша мүше болатын бес мемлекет белгілі болды. Олар - Руанда, Аргентина, Австралия, Оңтүстік Корея және Люксембург. Қауіпсіздік кеңесіне мүше болу үшін үміткер елді ұйымдағы 193 мемлекетінің кемінде 129-ы қолдап дауыс беруі қажет. Руанда - 148, Австралияны - 140, Аргентина - 182, Оңтүстік Корея - 149, Люксембург 131 елдің қолдауына ие болды.

БҰҰ-ның ықпалы ең жоғары органы - Қауіпсіздік кеңесіне 15 мемлекет кіреді. Жыл сайын оның бес мүшесі сайланбалы жолмен ауысып отырады. Екі жылдық мандатқа ие болған кеңестің уақытша бес мүшесі келесі жылдың қаңтарынан бастап қызметке кіріседі.

Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшелері - АҚШ, Қытай, Ресей, Франция және Ұлыбритания.
XS
SM
MD
LG