Accessibility links

Путин мектепте орамал тағуға қарсылық білдірді


Орамал таққан оқушы қыз. Дағыстан, 2012 жылдың қаңтары. (Көрнекі сурет)
Орамал таққан оқушы қыз. Дағыстан, 2012 жылдың қаңтары. (Көрнекі сурет)
Ресей президенті Владимир Путин ислам дінін ұстанған әйелдер мен қыздардың мектепте орамал тағуына қарсы екенін айтты.

Жуықта ол елдің Ставрополь аймағында орамал таққан оқушының сабаққа келуіне тыйым салған директор қыздың туыстары өзіне доқ көрсеткенін мәлімдеген.

Осы жағдайға қатысты пікір білдірген Путин "Ресей зайырлы мемлекет болғандықтан қыздардың мектепке орамал тағып келуіне қарсымын және мемлекет барлық азаматтарға теңдей құқық беруі қажет" деді.

Ресми дерек бойынша, Ресейдің 143 миллион халқының 20 миллионы - ислам діні өкілдері. Елдің жекелеген аймақтарында, оның ішінде Солтүстік Кавказда мұсылмандар басым.
XS
SM
MD
LG