Accessibility links

Қырғызстан қалыңдық ұрлаушыларға жазаны күшейтпек


Қалыңдық алып қашуға қарсылық шарасы. Ыстықкөл облысы, Қырғызстан, 9 қазан 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Қалыңдық алып қашуға қарсылық шарасы. Ыстықкөл облысы, Қырғызстан, 9 қазан 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Қырғызстан парламенті қалыңдық ұрлап қашқан азаматқа кесілетін жазаны 3 жылдан 10 жылға дейін көбейтуді көздейтін заң жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады.

Заң жобасы қабылданып, күшіне енуі үшін ол үш оқылымда мақұлданып, президент қол қоюы тиіс.

Заң жобасын жақтаушылар мұны "әйелдер құқықтарын қорғайды және ерте тұрмыс құру сияқты әлеуметтік үрдіске әсер етеді" деп санайды. Құқық қорғау ұйымдарының дерегіне қарағанда, Қырғызстанда жыл сайын 12 мың қыз-келіншек ұрланып, еріксіз тұрмыс құруға мәжбүр болады. Олардың көпшілігінің жасы - 18-ден кіші.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, еріксіз тұрмыс құрған қыз-келіншектер өздерінің заңды құқықтарынан айырылады. "Олар әсіресе білім алу хақынан айырылып, көбінесе отбасылық зорлық-зомбылықтың құрбанына айналады" дейді заңгерлер.
XS
SM
MD
LG