Accessibility links

АҚШ "Әл-Қаиданың" басшыларына бәс тікті


"Әл-Қаиданың" бұрынғы жетекшісі Усама бен Ладен мен (сол жақта) орынбасары Айман әл-Зауахири. (Көрнекі сурет).
"Әл-Қаиданың" бұрынғы жетекшісі Усама бен Ладен мен (сол жақта) орынбасары Айман әл-Зауахири. (Көрнекі сурет).
АҚШ мемлекеттік департаменті "Әл-Қаиданың" Ирактағы тармағының қызметін үйлестіреді деген Мухсин әл-Фадли мен Адел Ради Сакр әл-Ваххаби туралы ақпарат берген адамға 12 миллион АҚШ долларын сыйақыға ұсынды.

Мемлекеттік департаменттің хабарлауынша, жоғарыда аталған "Ирак пен Ауғанстанға экстремистер жіберіп отырған басты үйлестірушілер.

Департамент Мухсин әл-Фадли туралы ақпарға 5 миллион, Адел Ради Сакр әл-Ваххаби туралы ақпарға 7 миллион АҚШ долларын тігіп отыр.

Ал 18 қазанда АҚШ-тың қаржы министрлігі Адел Ради Сакр әл-Ваххабидің елдегі активтерін құрсаулап, америкалықтардың онымен қаржылық операциялар жүргізуіне тыйым салды. Мухсин әл-Фадлиге мұндай тыйым әлдеқашан салынған.

АҚШ үкіметі "Әл-Қаида" ұйымына Иранда еркін қызмет етуіне мүмкіндік беріп отыр" деп Тегеранды айыптайды.
XS
SM
MD
LG