Accessibility links

Дін істері агенттігі 1800 сайттың мазмұнын тексерген


Интернетте Facebook әлеуметтік желісін қарап отырған адам. (Көрнекі сурет).

Интернетте Facebook әлеуметтік желісін қарап отырған адам. (Көрнекі сурет).

"Дін істері жөніндегі агенттік экстремизмді насихаттау белгілерін анықтау үшін 1800-ден астам интернет сайттың мазмұнын тексерді" деп хабарлады агенттік төрағасының орынбасары Ғалым Шойкен.

"Діни экстремистік сипаттағы сайттарды құрсаулау және оларға мониторинг жүргізу жұмыстары жүріп жатыр. Осы жылдың тоғыз айында агенттік 1800-ден астам сайтқа талдау жасап, олардың 34-і бойынша материалды бас прокуратураға жіберді" деді ол Астанада құқық бұзу мен қылмыстың алдын алу мәселелері бойынша өткен конференцияда.

Ғалым Шойкен бұған қоса "дәстүрлі исламды" насихаттау және салафиліктің қауіпті идеяларын ашу мақсатында арнайы медиа жоспар бекітіліп, жүзеге асып жатқанын да айтты.
XS
SM
MD
LG