Accessibility links

Жезқазғанда үйлерін су басқан тұрғындар наразылық білдірді


Жезқазғандағы су тасқыны. Жезқазған, 29 қыркүйек 2012 жыл.

Жезқазғандағы су тасқыны. Жезқазған, 29 қыркүйек 2012 жыл.

Жезқазғанда үйлерін су басқан Қостанкелді ықшамауданындағы екі отбасы биліктің назарын аудару үшін шатырға қоныстанды деп хабарлайды ҚазТАГ агенттіігі.

29 қыркүйекте жауған нөсер жаңбырдан Қостанкелді ықшамауданында 100-ден астам үйді су басқан. Төтенше жағдай кезінде екі адам қаза тапқан.

Ықшамаудан тұрғындарының бірі билік нақты көмек көрсетпейінше шатырда тұра беретіндерін айтады. Наразылық шарасына екі отбасының 12 адамы қатысып жатыр.

Олардың айтуынша, бүгін Жезқазған қаласының әкімі Бауыржан Шыңғысовпен кездескен. "Жергілікті биліктен ешқандай нақты көмек көріп отырған жоқпыз" деген тұрғындар құзырлы орындардың қандай көмек көрсететінін құжат түрінде көрсетуін сұраған. "Үйлерді су баспас үшін алдымен су ағатын арықтарды тазарту керек" дейді тұрғындар.

Апат салдарын анықтау жөніндегі комиссияны басқарған Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Владимир Пфаргердің сөзінше, комиссия жұмысы кеше аяқталып, арнайы акт жасалған.
XS
SM
MD
LG