Accessibility links

Грузия сайлаудың түпкілікті нәтижесін жариялады


"Грузия арманы" оппозициялық коалицияның жетекшісі миллиардер Бидзина Иванишвили БАҚ өкілдеріне сұқбат беріп тұр.
"Грузия арманы" оппозициялық коалицияның жетекшісі миллиардер Бидзина Иванишвили БАҚ өкілдеріне сұқбат беріп тұр.
Грузияда осы айдың басында өткен парламент сайлауының түпкілікті қортындысы жарияланды.

Ресми мәліметке сәйкес, миллиардер Бидзина Иванишвили жетекшілік ететін "Грузия арманы" оппозициялық коалициясы парламенттегі 150 мандаттың 85-сін иеленді. Ал ел президенті Михаил Саакашвилидің биліктегі "Біріккен ұлттық қозғалысы" 65 орынды місе тұтты..

Парламент сайлауында дауыс беруге грузин азаматтарының 61% астамы қатысқан.

Жаңадан сайланған парламенттің алғашқы отырысы ертең, 21 қазанда Кутаиси қаласында өтеді.
XS
SM
MD
LG